Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды (фото)
Жарияланған күні:
Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды. Бұл жаңалықты Facebook парақшасында Ғани Назарбек есімді экобелсенді бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бәйшешек Отырар ауданы мен Арыс қаласының шекарасы маңындағы Сырдария өзенінің жағасында бүршік атқан.
"Бұл қалыпты жағдай. Күннің жылынуы мен жер қабатындағы ылғалдың әсерінен өсіп шыққан. Өткен жылы қаңтар айында бәйшешек гүлдеп, суырлар оянып кеткен болатын. Биыл бір айға кеш шықты. Мұның өзі де өте қауіпті. Себебі, күн бірден суып кетсе, үсіп кетеді", - дейді экобелсенді.
Дала гүлі сондай-ақ Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының аумағында да бүршік атқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009210-turkistan-oblysynda-baisesek-bur-zardy-foto/