Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда адвокаттарға шабуыл жасады деп айыпталуда

Опубликовано:

Жігіттер көшеде төбелесуде
Оқиға орнынан кадр: Facebook.com/Анна Димитриевич

Адвокат Анна Димитриевич өзіне және жұбайы - адвокат Олег Черновқа Алматыда шабуыл жасалғанын айтты. Оның айтуынша, шабуыл жасаған адам – белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болған оқиға туралы Анна өзінің Facebook аккаунтында жазды. Оның сөзінше, таксиге отырып жатқан кезде бір жігіт жүгіріп келіп, "соққыға жығылып жатқан қызға көмектесуді" сұраған.

"Шынында да, бізден бірнеше метр жерде бір жас жігіт қызды ұрып жатты. Ойланбастан біз жүгіріп барып, оны тоқтатуға тырыстық. Қыздың мені құшақтап, "Көмектесіңіз! Көмектесіңіз!" деп айғайлағаны есімде. Бір кезде жігіт бізге қарай ауысты. Оның соққыларынан Олег құлап түсті. Ол тұруға тырысқанда, тебе бастады. Олегтің басынан доп сияқты тепкіледі... Мен шабуылдаушыны тоқтатуға тырыстым, бірақ ол менің жағымнан бар күшімен ұрғанда, мен ұшып түсіп, асфальтқа соғылып, есімнен танып қалдым",деп жазады Анна Димитриевич.

Адвокат есін жиған кезде оқиға орнында полиция жүргенін көрген.

"Қазіргі уақытта мені және Олегті кім ұрғанын білемін. Оның есімі Нұрасыл. Маған хабарлағандай, ол Тұрлыханов Дәулет Болатұлының ұлы. Дәулет Болатұлы – белгілі адам, құрметті спортшы. Спортшылардың өзіндік адамгершілік және моральдық принциптері бар, сондықтан Дәулет Болатұлы оларды ұлының бойына сіңірді деп үміттенемін", – дейді Анна Димитриевич.

Сондай-ақ ол кешірім сұрайтын шығар деп күткенін, бірақ олай болмағанын айтты.

Алматы полиция департаменті бұл факті Қылмыстық кодекстің 293-бабы – "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.

"Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді, сараптамалар тағайындалды. Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары қалалық прокуратураға берілді", – дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ал Дәулет Тұрлыхановтың өзі бұл жағдайға байланысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, әңгіме оның ұлы туралы екенін растады. Ол бұл оқиға 10 ақпаннан 11 ақпанға қараған түні болғанын атап өтті.

"Бұл – менің ұлым, кәмелет жасына толған азамат. Мен бұл оқиғаның басы-қасында болған жоқпын, ештеңе көрмедім. Осы жайт орын алған кезде ол қызбен бірге болған. Құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысып жатыр, қылмыстық іс қозғалды. Камераларға жазылған видео бар, менің ойымша, бұл істе кімдікі дұрыс, кімнің кінәлі екеніне өздері анықтайды. Өте өкінішті жағдай және заңгерлерден осы оқиға үшін кешірім сұраймын. Әрине, ата-ана ретінде бұл жайт менің көңілімді түсірді. Ұлымның әрекетін қолдамаймын", – дейді Дәулет Тұрлыханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009527-daulet-turlyxanovtyn-uly-almatyda-advokattarga-sabuyl-zasady-dep-aiyptaluda/

pixel