Бүгінге дейін елде қанша шетелдік көлік заңдастырылды
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі бүгінге дейін Қазақстанда қанша шетелдік көлік заңдастырылғанын мәлім етті. Бұл туралы "ҚР ІІМ жаңалықтары" Telegram арнасы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда 73 748 азаматтың көлігі тексеруден сәтті өтіп, өтінімдері мақұлданған. 32 002 көлік заңдастырылды.
Еске салсақ, Қазақстанда 2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталған еді. Шетелдік көліктерді заңдастыру осы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Осы аралықта шетелдік автокөліктердің иелері оларды жеңілдік ережелерімен, яғни бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге, техникалық төлқұжатқа 4 313 теңге, мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге мемлекеттік баж салығын төлеу арқылы тіркей алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2009850-buginge-deiin-elde-qansa-seteldik-kolik-zandastyryldy/