Атырау облысында баласынан жәбір көрген 73 жастағы әжей қарттар үйіне орналасты
Жарияланған күні:
Атыраулық полицейлер өз бақылауына алған кейуананы қарттар үйіне орналастырды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Құрманғазы ауданының 73 жастағы тұрғыны әкім қаулысымен әйелдерге арналған дағдарыс орталығына орналасқан. Ол бүгінге дейін баласынан жәбір көріп келген.
Қазіргі таңда кейуана жергілікті полиция басқармасы қызметкерлерінің бақылауымен дағдарыс орталығынан қарттар үйіне ауыстырылды. Сондай-ақ оның жағдайы полицияның жіті бақылауында.
Аталған құқық бұзушылықтың алдын-алу бағытында атыраулық полицейлер шұғыл түрде жәбірленушіге қауіпсіздік жағдайларын жасап, ақпараттық, құқықтық, психологиялық және т.б. көмек түрлерін қолданып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010153-atyrau-oblysynda-balasynan-zabir-korgen-73-zastagy-azei-qarttar-uiine-ornalasty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде