Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысындағы колониядан қашып кеткен тұтқын ұсталды

Жарияланған күні:

Колония
Колония. Көрнекі фото: Рexels.com

22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы ҚАЖ департаментінің №16 мекемесінен сотталушы қашып кеткен. Ер адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін түрмеге қамалған, деп хабарлайды "Ішкі істер министрлігінің жаңалықтары" Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, түрмеден қашқан ер адам Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған. Оның түзеу мекемесінен қашып кеткені белгілі болған кезде жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталған. Нәтижесінде ер адам бір сағат ішінде ұсталды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері мен өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайтыны айтылған.

"Қазір Өскемен қаласының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", – дейді құқық қорғау өкілдері.

ШҚО бойынша ҚАЖД қызметтік тексеріс басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010412-sygys-qazaqstan-oblysyndagy-koloniyadan-qasyp-ketken-tutqyn-ustaldy/