Ақпан айының соңғы күндерінде елімізде ауа райы қандай болмақ
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде жауын-шашын, еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшеюі ықтимал.
Елдің солтүстік жартысында бұрқасын, республиканың оңтүстік өңірлерінде көктайғақ күтіледі.
Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Ал республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Сондай-ақ батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы жоғарылап, қалған өңірлерде төмендейді, алайда қатты аяз күтілмейді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010791-aqpan-aiynyn-songy-kunderinde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolmaq/