Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тұрғынын қорқытып, 3 миллион тұратын жылқысын алып кеткен (видео)

Жарияланған күні:

Жылқы ұрлады деген күдікті
Күдікті. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғынын қорқытып, 3 миллион тұратын жылқысын алып кеткен болуы мүмкін деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі жаңалықтарының ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, жәбірленуші әйел белгісіз біреулер оның ұлын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп алып кеткенін айтып, шағымданған.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы", – дейді тәртіп сақшылар.

Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылғаны айтылды.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 389-бабының 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010881-turkistan-oblysynyn-turgynyn-qorqytyp-3-million-turatyn-zylqysyn-alyp-ketken-video/