Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғындары екі балдық жер сілкінісін сезді

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін түнде Алматы қаласынан 279 шақырым жерде тағы да жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерін оңтүстік астана тұрғындары да сезді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қаланың ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы ТЖМ "CТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылдың 27 ақпанында Алматы уақытымен 3 сағат 42 минут 14 секундта (2023 жылдың 26 ақпанында Гринвич бойынша 21 сағат 42 минут 14 секундта) жер сілкінісін тіркеді", – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Сонымен бірге ведомство өкілдері оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде - Қырғызстан аумағында, Қытай шекарасына жақын жерде орналасқанын хабарлайды.

Дүмпу магнитудасы 5,9-ды құраған. Алматы тұрғындары оны 2 балл шамасында сезген.

"Тиісті мемлекеттік органдарды хабардар ету нәтижелері бойынша патрульдеу маршруттарында ештеңе байқалмайды, жағдай тұрақты. "112" және "101" желілеріне тұрғындардан қоңырау келіп түскен жоқ", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

"Қазселденқорғау" ММ хабарлауынша, гидротехникалық құрылыстарда қандай да бір деформациялар, шөгулер және жарықтар пайда болмаған.

Бұдан бөлек, таңғы сағат 6-да, сол аймақта магнитудасы 5,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Десе де жер сілкінісінің сезілуі туралы ақпарат түспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010912-almaty-turgyndary-eki-baldyq-zer-silkinisin-sezdi/

pixel