80-ге келгенін мойындамай, өз жасын қайта-қайта санаған әжей желі жұлдызына айналды
Жарияланған күні:
Tik-Tok-тағы жаңаөзендік блогердің әжесімен өзара әңгімесіне желі қолданушылары сүйсінді. Онда әжей немересіне өзінің 79 жаста екенін, нақты жасын қабылдай алмайтынын айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Tik-Tok желісіндегі видео үш күнде 2,8 млн қаралым жинап үлгерген.
Әжейдің сөзінше, ол 1942 жылы 11 қыркүйекте туған, өз есебі бойынша биыл 79 жаста.
"Жетпістің ішіне кіріп кеттік, 42-жылы туғанмын, тұра тұр, есепте, биыл 2023 жыл ма? 1942, ..52, ..62 , ..72, ..82, 92, ..2002, 2012, 2022. Мен биыл 79-да екенмін", - дейді қарт кісі.
Оны естіген немересі әжесіне биыл күзде 81-ге келетінін айтады.
"Бәлекет, 80 жас деген жаман жас, ер адамның жасы. Алпыста алқынады, жетпісте желпілдейді, сексенде сергелдең, тоқсанда өлсең де өлдің, өлмесең де өлдің", - дейді өз жасын қайта-қайта санаған әжей.
Видеоны көрген желі қолданушылары әжейдің қылығына сүйсініп, 100-ге келуін тілеген.
"Әженің өмірі ұзақ болсын! 79-дасың дей берші, 90-ға келгенше солай айтшы", "100-ге келіп, жүзіңіз", "Жаным-ау, қабылдай алмай жатыр", - деп пікір қалдырған видеоға желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011032-80-ge-kelgenin-moiyndamai-oz-zasyn-qaita-qaita-sanagan-azei-zeli-zuldyzyna-ainaldy/