Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде 14 градусқа дейін күн жылы болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер қыстың соңғы күнінде республика бойынша және еліміздің ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Мамандардың болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклон ықпалында болғандықтан, бүгін кей аймақтарда күн ашық, жауын-шашынсыз болады.
Дегенмен, Қазақстанның батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, солтүстігінде бұрқасын, сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Ал Алматы қаласында күн ашық болады деп күтілуде. Күндіз +8...+10°C жылы болса, түнде ауа температурасы 0...-2°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/c.
Шымкентте де күн ашық, жылы болады деп болжанып отыр. Мұнда күндіз 13-14°C жылы болса, түнде ауа температурасы 0...+2°C-ге дейін төмендемек. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Астанада күндіз 0...-2°C, түнде -3...-5°C дейін суық болуы ықтимал. Сонымен бірге бүгін елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін. Сол себепті қалада дауылдық ескерту жарияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011073-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-14-gradusqa-deiin-kun-zyly-bolmaq/