Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент мұнай өңдеу зауыты уақытша жұмыс істемейді

Жарияланған күні:

Мұнай зауыты. Көрнекі сурет
Мұнай зауыты. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент мұнай өңдеу зауыты бір айға жуық жоспарлы жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстары 15 наурыздан басталады, деп хабарлайды Қазақпарат Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметтеріне сүйенген агенттіктің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 9 сәуірге дейін жалғасады.

"2022 жылғы желтоқсанда бекітілген кестеге сәйкес, Шымкент мұнай өңдеу зауытына биыл 15 наурыз бен 9 сәуір аралығында жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен оның жекелеген бөліктерін ауыстыруды, қалпына келтіру және оларды реттей отырып, қамтамасыз етуді көздейді", - деп мәлім еткен министрліктің баспасөз қызметі Қазақпаратқа.

Айта кетейік, былтыр Атыраудағы мұнай-өңдеу зауытында жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде еліміздің бірнеше өңірінде, автогаз тапшылығы сезілген еді.

Ол кезде мәселе "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-дан қосымша автогаз жеткізу арқылы шешілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011097-symkent-munai-ondeu-zauyty-kurdeli-zondeuge-zabylady/