Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ: Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен салу
Қолына кісен салынған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы қазақстандық БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деген күдікке ілінген топтың жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

ІІМ-нің мәліметінше, күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 115-бабы "Қорқыту", 147-бабы "Жеке өмірге қол сұғу", 158-бабы "Журналистік қызметке кедергі келтіру", 202-бабы "Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" және 293-бабы "Бұзақылық" бойынша айып тағылған. 

Сонымен қатар ІІМ Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталғанын хабарлады.

"Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.

Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық шабуыл жасаған.

Бұл – автокөлікті өртеу, журналистерге, олардың туыстары мен редакцияларға қоқан-лоққы көрсету мен шабуылдар жасау, DDoss шабуылдар. Қылмыстық топ шабуылдарының басты мақсаты – журналистерді қудалауды имитациялау арқылы Қазақстан президентін және ол жүргізіп отырған демократиялық реформаларды дискредитациялау", - делінген ІІМ хабарламасында.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. ІІМ тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011130-iim-zurnalisterge-zasalgan-arandatusylyq-sabuyldardyn-uilestirusisi-ustaldy/