Жұмада Қазақстанның мегаполистерінде жаңбыр жауып, қатты жел соғуы мүмкін
Жарияланған күні:
Жұма, 3 наурызда Алматыда күн ашық болады, ал Астана мен Шымкент қалаларында дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" ресми сайтында хабарлады.
Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Алматыда сынап бағанасы күндіз +14...+16°C-қа дейін көтеріледі. Түнде ауа температурасы 0...+2°C шамасында болуы мүмкін. Оңтүстік астанада жауын-шашын жаумайды, желдің жылдамдығы 0-5 м/с дейін жетеді.
Шымкент қаласында синоптиктер күндіз +15...+17°C жылы болады деп болжайды. Түнде сынап бағаналары +1...+3°C-қа дейін түседі. Одан бөлек, шаһарда жаңбыр жауып, жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жететін қатты жел соғуы мүмкін. Осы себепті өңірде дауылдық ескерту жарияланды.
Астанада бүгін күндіз -6...-8°C, түнде -10...-12°C суық болады деп күтілуде. Елордада жауын-шашын жаумайды, дегенмен қатты, екпінді жел мен көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Осыған байланысты синоптиктер бас қалада дауылдық ескерту жариялады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011565-zumada-qazaqstannyn-megapolisterinde-zanbyr-zauyp-qatty-zel-soguy-mumkin/