Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздың бас судьясы пара алғаны үшін үш жылға сотталды

Жарияланған күні:

Судья қағазға қол қоюда
Судья. Көрнекі фото: Рexels.com

Тараз қалалық сотының төрағасы үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңалықтары" Telegram-арнасы.

"Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ антикор Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылғанын мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011623-tarazdyn-bas-sudyasy-para-algany-usin-us-zylga-sottaldy/