Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр мен қатты жел: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Жарияланған күні:

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн салқындайды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Синоптиктер елімізде ауа райы нашарлайтынын айтып, бірқатар өңірде дауылдық ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, 6 наурызда Астана қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

6 наурызда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталықта, таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталықта, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

6 наурызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

6 наурызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болуы мүмкін. Түнде облыстың батысында, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

6 наурызда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түсуі мүмкін.

6 наурызда Шығыс Қазақстан облысында түнде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

6 наурызда түнде Абай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

6 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

6 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде тау асуларында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында наурызда күндіз найзағай ойнауы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

6 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011806-zanbyr-men-qatty-zel-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/