8 наурыз қарсаңында Қазақстанда ауа райы қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша алдағы үш күн, 7-9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері батыстан шығысқа қарай Атлантикалық циклон ауысады. Нәтижесінде Қазақстан бойынша ауа райы тұрақсыз болып, қар мен жаңбыр жауып, бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болуы мүмкін.
7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп күтіледі.
Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды деп болжануда. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде түнгі уақытта температуралық фон -7...-17 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде түнде -5..+5 градусқа дейін, күндіз +5...+12 дейін ауытқуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2011929-8-nauryz-qarsanynda-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/