Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жемқорлардан алынған 120 млрд теңгеге мектептер салынады

Жарияланған күні:

Мектептегі парталар
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жемқорлардан алынған ақшаға Қазақстанда бірнеше жаңа мектеп салынанытынын айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Биыл жемқорлардан алынған ақшаға 70-тен аса мектеп тұрғызылады. Құрылысқа қажет құжаттар дайын, тізім бізде бар. Сол себепті жақын арада осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады", - деді Ғани Бейсембаев.

Телеарнаның ақпаратынша, бұл елдегі мектеп тапшылығын жоюға бағытталған шараның бірі. Осы ретте Бейсембаев жаңа мектептер әр өңірде салынатынын мәлімдеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 млрд теңге арнайы шотқа жиналғанын айтқан еді.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012117-qazaqstanda-zemqorlardan-alyngan-120-mlrd-tengege-mektepter-salynuy-mumkin/