Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда марқұм өрт сөндіруші Асқар Забикулинге ескерткіш орнату ұсынылды

Жарияланған күні:

Асқар Забикулин
Асқар Забикулин. Фото: t.me/qr_tjm

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев адамдарды өрттен құтқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикуллинге ескерткіш орнатуды ұсынды, деп хабарлайды облыс әкімдігі ресми сайтында.

Ведомствоның мәлімдеуінше, халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ермек Маржықпаев өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің анасы Бибігүл Забикулинамен кездесті. Өңір басшысы батырдың отбасындағы нәзік жанды аруларды құттықтап, Асқардың ақмолалықтардың жүрегінде мәңгі қалатынын атап өтті.

"Сіздің ұлыңыздың есімі, батылдық, адалдық сияқты қасиеттермен байланысты. Біз оның жерімізде өскенін, оқығанын мақтан тұтамыз. Сізге әрқашан көмектесуге дайынбыз", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ өңір басшысы Ермек Маржықпаев жақын арада Көкшетауда ескерткіш орнатуды ұсынды.

Әкімдіктің дерегіне сүйенсек, Бибігүл Забикулина - 4 баланың анасы. Ортаншы ұлы - Забикулин Асқар.

Асқар Забикулин - 2022 жылғы 16 қарашада Астана қаласында өрт кезінде адамдарды құтқаруға қатысқан өрт сөндіруші. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Забикулин ауруханада қайтыс болды. Ол I дәрежелі "Айбын" орденімен, "Жыл Батыры" номинациясы бойынша "Алтын Адам" сыйлығымен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012214-koksetauda-ort-sondirusi-asqar-zabikulinge-eskertkis-ornatu-usynyldy/