Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елміздің бірнеше облысында жаңбырға байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған ер адам
Көрнекі сурет: Владимир Третьяков/NUR.KZ

12-14 наурыз аралығында Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланып, қатты жауын күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қатты жауын салдарынан 2023 жылдың 12-14 наурызы аралығында Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында су деңгейінің көтерілуі қаупі туындайды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында температураның көтерілуі салдарынан қар қарқынды түрде еріп, қар суы молаяды. Сол себепті су басу қаупі жоғарылайды.

"Қазгидромет" мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, атап айтқанда, республикамыздың шығысында қар жауса, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2012547-qazaqstannyn-birnese-oblysynda-zanbyrga-bailanysty-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel