Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында аялдаманы соққан 26 жастағы мас жүргізуші ұсталды

Жарияланған күні:

Арқалықта жүргізуші аялдаманы соқты
Арқалық. Оқиға орны: Т.me/POLICE_of_KZ

Қостанай облысында полиция қызметкерлері аялдаманы соққан 26 жастағы мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды "ҚР ІІМ жаңалықтарының" Telegram-арнасы.

Арқалық қаласының полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған жүргізушіні ұстады. Абырой болғанда жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмаған.

"26 жастағы жүргізуші ВАЗ 2112 автокөлігін басқарып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған. Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас күйінде болған", – дейді құқық қорғау өкілдері.

ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

"Баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыруды көздейді", – деп түсіндірді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013383-qostanai-oblysynda-ayaldamany-soqqan-26-zastagy-zurgizusi-ustaldy/