Наурыз мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер 2023 жылғы 18-24 наурызға арналған апталық синоптикалық болжам жасады. 19 наурызға қараған түні Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер мәліметінше, 2023 жылғы 18-24 наурызға арналған апталық синоптикалық болжамға сәйкес 18-19 наурыз аралығында Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, фронтальды бөлімдердің өтуімен кезең ішінде жаңбыр, қар күтіледі. Ал елдің оңтүстік жартысында - жаңбыр болжануда.
19 наурызға қараған түні Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын мен қар күтіледі. Осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде беткейлік ағынның қалыптасуы күтілуде.
22-24 наурызда жауын-шашын күтілетін Солтүстік циклон шұңқыры солтүстік аймақтардың аумағына ауысады.
21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндізгі ауа температурасы біртіндеп 3-13 градусқа дейін көтеріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013433-nauryz-merekesinde-qazaqstandyqtardy-qandai-aua-raiy-kutude/