Шымкентте 20 градусқа дейін жылы: сейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер сейсенбі, 21 наурызда Қазақстан мегаполистері мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн ашық болады.
Республика бойынша тұман сақталып, батыста, оңтүстікте жел күшейіп, күндіз батыста шаңды дауыл, оңтүстікте найзағай күтіледі.
Ал Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз ауа температурасы -1...-3 градус аралығында болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
Алматыда да бүгін күн көшпелі бұлтты, жауын-шашысыз болады. Күндіз термометр бағаны +9...+11 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің үшінші мегаполисі - Шымкентте бүгін +18...+20 градусқа дейін жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Десе де, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге дейін жетуі ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013700-symkentte-20-gradusqa-deiin-zyly-senbide-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/