Қазақстанның оңтүстігінде 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі сайтында 21 наурыз күні сағат 22:47-те ел аумағында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 километр қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00° солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.
Сондай-ақ ведомство зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ. Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар 112 телефонына хабарласа алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2013743-qazaqstannyn-ontustiginde-zer-silkinisi-sezildi/