Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Ресеймен шекарадағы өткізу бекетінің уақытша жабылғанын хабарлады

Жарияланған күні:

шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қостанай облысында су тасқынына байланысты шекарадағы "Желқуар" өткізу бекетінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Су тасқыны жағдайына байланысты 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының ресейлік "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

ҰҚК "Желқуар" өткізу бекетінің жұмысы қайта жандағаны туралы ақпарат қосымша хабарланатынын атап өтті.

Сонымен қатар ведомство көлік жүргізушілеріне қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014613-uqk-reseimen-sekaradagy-otkizu-beketinin-uaqytsa-zabylganyn-xabarlady/