Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәрігерлер маған қайта өмір сыйлады": Астанада бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шықты

Жарияланған күні:

медициналық мекеме
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Елордада екі апта бұрын бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері ауруханадан шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астананың денсаулық сақтау басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Пациент үйіне шығарылды, өзін жақсы сезінеді. Оның толық қалпына келуі үшін біраз уақыт керек", - дейді №3 көпбейінді қалалық аурухананың емдеуші дәрігері, хирург Арман Сарқытбай.

Өз кезегінде науқас өмірін сақтап қалуға атсалысқан аурухана басшылығы мен ұжымына жедел әрекеттері үшін алғысын айтты.

"Мен ауруханаға 14 пышақ жарақатымен, ес-түссіз күйде жеткізілдім. Аурухана директоры Жұлдыз Данбаева бастаған дәрігерлер маған қайта өмір сыйлады. Хирургия бөлімінің жетекшісі Сергей Вервейн мен емдеуші дәрігер Арман Сарқытбайға алғысым шексіз", - дейді мешіт қызметкері.

Еске салайық, осыған дейін Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкері пышақ жарақатын алып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.

Бұл оқиғаға қатысты күдікті ұсталған, қазір таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014633-astanada-birnese-zerden-pysaq-zaraqatyn-algan-mesit-qyzmetkeri-auruxanadan-syqty/