Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларға обал": Жаңаөзенде әйелдер балалардың жылағанына қарамастан төбелескен

Жарияланған күні:

Балалар алаңында төбелескен әйелдер
Жаңаөзенде төбелескен әйелдер. Видеодан кадр: instagram.com/qazaqstan_eli/

Әлеуметтік желіде Жаңаөзендегі балалар алаңында төбелескен әйелдердің видеосы пайда болды. Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Жарияланған видеоның жазбасында Жаңаөзендегі ойын-сауық алаңдарының бірінде әйелдердің төбелескені жазылған. Видеода екі әйелдің бір-бірінің жағасын жыртып, балалардың жылағанына да мән бермегенін көруге болады. Куәгерлер оларды ажыратуға тырысқан.

Желі қолданушылары әйелдердің әрекетін айыптады.

"Бұны көрген балаларға обал", "Ұят", "Масқара", "Олар балаларға қандай тәрбие бере алады?", "Ұят қайда?", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, фактіні тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықтаған.

"Полицейлер екі әйелдің де жеке басына қатысты ақпаратты анықтады, кейін олар Жаңаөзен қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне шағымы немесе арызы тіркелген жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді департамент өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2014886-balalarga-obal-zanaozende-aielder-balalardyn-zylaganyna-qaramastan-tobelesken/