Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда газға сараланған тарифтер тетігі енгізіледі

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Көрнекі сурет: pixabay.com

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов бүгінгі үкімет отырысында ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету, электр энергетикасы нарығын дамытудың алдағы жоспарларын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Ақшолақов табиғи газды ішкі тұтыну айтарлықтай өскенін, 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд текше метрден асқанын айтты.

"Газ өндіруді ынталандыру бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданды. Қашаған, Қарашығанақ кен орындарында газ өңдеу бойынша жаңа зауыттарды іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде тауарлық газ өндірісі 2025 жылы айтарлықтай өседі деп күтілуде", - деді министрдің міндетін атқарушы.

Сонымен қатары биыл І жартыжылдықтың сонына дейін энергия тиімділігі мен тауарлық газды ұтымды тұтыну жоспары әзірленетінін, атаулы әлеуметтік көмек алатын халықты қоспағанда, тұрмыстық тұтынушылар үшін ұқыпты тұтынуды ынталандыратын газға сараланған тарифтер тетігі енгізілетінін атап өтті.

Бұдан бөлек Ақшолақов электр энергетикасы нарығын дамыту жоспаларын айтты.

"Биыл 1 шілдеден бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушы және электр энергиясын теңгерімдеуші нарық тетігі негізінде электр энергиясы нарығының жаңа моделіне көшу жоспарлануда.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар іске асырылуда. Олар 2027 жылға қарай 1 700 МВт-тан астам электр энергиясын іске қосуға мүмкіндік береді", - деді ол.

Отырыста сондай-ақ Ақшолақов Қызылорда қаласында және Түркістан облысында жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын маневрлік қуаттардың құрылысы жүріп жатқанын, Көкшетау және Семей қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын салу бойынша жобалар пысықталып жатқанын жеткізді.

"Екібастұз ГРЭС-2 №3-4 блоктарын салу, сондай-ақ Алматы энергия кешенінің энергия көздерін жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып жатыр.

Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергия жүйесін күшейту, Батыс аймақты Біртұтас электр энергетикасы жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде", - деді өз баяндамасында Ақшолақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015326-qazaqstanda-gazga-saralangan-tarifter-tetigi-engiziledi/