Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбырдың соңы қарға ұласады: бүгін республика бойынша ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Көктемгі жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

Синоптиктер жұма, 7 сәуірде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігі циклонның ықпалында болғандықтан, бүгін еліміздің кей өңірлерінде күн жауын-шашынды болады.

Мәселен, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Бүгін тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік өңірлерде көктайғақ, оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста – найзағай, оңтүстік және оңтүстік-шығыста – бұршақ күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Түркістан облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде Жетісу облысының солтүстігінде 1 градус үсік сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында да өткінші жаңбыр жауады. Дегенмен, күндіз +18...+20 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, алайда мамандар екпіні 15-20 м/с-қа дейін жететін қатты жел тұруы ықтимал екенін ескертіп отыр.

Ал Астанада ауа райы нашарлап, ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. Яғни жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Термометр бағаны күндіз +4...+6 градусты көрсетеді. Сонымен қатар бүгін елордада жел күшейіп, жылдамдағы 9-14 м/с-қа дейін, кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Еліміздің үшінші мегаполисі - Шымкентте де бүгін найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз +15...+17 градус аралығында жылы. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кейде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015808-zanbyrdyn-sony-qarga-ulasady-bugin-respublika-boiynsa-aua-raiy-qandai-bolady/