Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазанда ауызын уақытынан кеш ашқан адамның оразасы қабыл бола ма

Жарияланған күні:

Шай құйылған ыдыс
Ауызашар уақыты. Көрнекі фото: pixabay.com

Рамазан айында ораза ұстаған адам ауыз ашар уақытынан 10 минуттан кейін ауызын ашса не болады? Бұл сауалдың жауабы Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталында жарияланды.

"Оразаңызды ауыз ашар уақытынан кеш ашқан болсаңыз, оразаңыз дұрыс, қабыл болады. Бастысы оразаны ауыз ашар уақытынан ерте ашып қоймауға мән берген дұрыс, ал кешірек ашудың оразаға зияны жоқ.

Десе де Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауыз ашуды себепсіз кешіктірмей, уақытылы ашуды ұнамды санаған. Ол бір сөзінде былай дейді: "Адамдар ауыз ашарды тездеткенше жақсылықтар бола бермек", - делінген порталдың жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016046-ramazanda-auyzyn-uaqytynan-kes-asqan-adamnyn-orazasy-qabyl-bola-ma/