Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Түнгі клубтарға жүргізілген арнайы шара
Ұсталған ер адам. Фото: Рolisia.kz

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде жүргізілген арнайы іс-шара кезінде танымал блогер мефедрон психоактивті затымен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабаралуынша, өткен демалыс күндері Алматының Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ-ның жедел қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізген. Оны қалалық прокуратура "Есірткі бизнесімен күрес" жобасы аясында үйлестірген.

"Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды, оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты. Шөптің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Ұсталған азамат ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", – дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017098-almatydagy-tungi-klubtardyn-birinde-tanymal-bloger-ustaldy-video/