Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда телеарна мен радиолар уақытша өшіріледі

Жарияланған күні:

Теледидар пульті. Көрнекі сурет
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Қазақстанда жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты барлық телеарна мен радионың жұмысын бір күнге тоқтатпақшы. Бұл туралы "Қазтелерадионың" ресми сайты хабарлады.

"Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы және профилактикалық жұмыстар жүргізетінін атап өтті.

"Осыған байланысты 2023 жылғы 21 cәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017114-qazaqstanda-telearna-men-radiolar-uaqytsa-osiriledi/