Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Виктор Ионенко Рудный қаласының әкімі болды

Жарияланған күні:

Виктор Ионенко мен Құмар Ақсақалов
Виктор Ионенко мен Құмар Ақсақалов. Фото: Қостанай облысы әкімдігінің сайты

Виктор Ионенко Рудный қаласының әкімі болып тағайындалды — ол бұған дейін қала әкімінің орынбасары, қала басшысының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған, деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігінің ресми сайты.

"Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы, 4-тармағына сәйкес Рудный қаласы мәслихаты депутаттарының келісімімен Рудный қаласы әкімінің лауазымына Виктор Николаевич Ионенконы тағайындады", – делінген хабарламада.

Виктор Николаевич 1970 жылы туған.

1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған.

2010 жылдан 2020 жылға дейін – Денисов, Меңдіқара, Қарасу аудандарының әкімі.

2020 жылдың қыркүйектен 2022 жылдың шілдесіне дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017127-viktor-ionenko-rudnyi-qalasynyn-akimi-boldy/