Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Айыпталушының шабуыл жасаған сәті
Айыпталушының шабуыл жасаған сәті. Оқиға орнынан кадр: Facebook.com/Анна Димитриевич

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев сенат кулуарында мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазиевтің айтуынша, Тұрлыхановтың ұлы мерзімді әскери қызметші болғандықтан бұл қылмыстық істі әскери прокуратура қадағалаған.

"Қылмыстық іс аяқталды. Қазір іс соттың қарау сатысында", – дейді ол.

Оның сөзінше, айыпталушы қылмыс жасалған кезде демалыста болған.

"Шешімді сот шығарады. Заңда белгіленген тәртіппен командир, әрине, жазасын алады", – дейді Мақсат Қазиев.

Еске салсақ, 15 ақпанда адвокат Анна Димитриевич өзіне және жұбайы – адвокат Олег Черновқа Алматыда белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыхановтың ұлы шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

Кейін Дәулет Тұрлыханов әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы мен заңгерлердің арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ұлының кінәсі дәлелденсе, заңға сәйкес жауап беретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017246-askeri-prokuratura-daulet-turlyxanovtyn-ulymen-bolgan-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/