Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда таксист шетелдік азаматты әуежайдан қонақ үйге дейін 45 мың теңгеге апарған

Жарияланған күні:

Такси белгісі
Такси белгісі. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік полицейлері шетелдік азаматты Алматы әуежайынан қонақ үйге дейін 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың мәліметінше, 18 сәуірде Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Lufthansa әуекомпаниясының "Франкфурт - Алматы" бағытындағы рейсімен келген 43 жастағы Германия азаматы шағымданып келген.

Ол өзін әуежайдан қонақ үйге қасақана жоғары бағамен, яғни 45 мың теңгеге жеткізген такси жүргізушісіне қатысты шара қолдануды сұраған. Көлік полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының 45 жастағы тұрғынын, жеке такси жүргізушісін анықтады.

"Ер адам шетелдік азаматқа қоғамдық орындарда тиісіп, алдап, оған такси қызметін ұсынып, Алматы қаласының халықаралық әуежайынан қаладағы Қонаев көшесінде орналасқан қонақүйге апарғаны үшін жоғары төлем алған. Такси жүргізушісі келтірген шығынды өтеді. Құқық бұзушы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Германиядан келген азамат көлік полицейлеріне жоғары кәсібилік танытқандары және қаражатын кері қайтарып алуға үлес қосқандары үшін алғысын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017451-almatyda-seteldik-azamatty-auezaidan-qonaq-uige-45-myn-tengege-apargan-taksist-anyqtaldy/