Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележурналист қасиетті айт мерекесінде өз әріптесімен некесін қиды

Жарияланған күні:

некелесу сәті
Көрнекі сурет: pixabay.com

Белгілі тележурналист әрі ютубер Ербол Сейілхан айт мерекесінің алғашқы күнінде некесін қиып, шаңырақ көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біраз жылдар бойы КТК телеарнасы мен "Жетінші" арнада жұмыс істеген Ербол Сейілхан өмірлік жарымен бас қосты.

Ерболдың таңдауы өзінің әріптесі әрі жерлесі Әлия Таласоваға түскен. Жас жұбайлардың неке қию рәсімі айттың алғашқы күні Астанада өтті.

Тележүргізушіні әріптестері мен достары әлеуметтік желіде құттықтауда.

Айта кетелік, қазіргі таңда Ербол Сейілхан "Сұрауы бар..." YouTube жобасында белсенді түрде қызмет етіп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017874-tanymal-telezurnalist-qasietti-ait-merekesinde-oz-ariptesimen-nekesin-qidy/