Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты блокбекеттер қойылды

Жарияланған күні:

Көрнекі фото
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, 23-26 сәуір аралығында қардың еруі мен қар жамылғысының тұрақсыз болуына орай қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Космостанция" автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және "Шымбұлақ - Тұйықсу мұздығы", "Эдельвейс", "Бутаковка", "Қимасар", шатқалдарында блокпостар орнатылды",- деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Департамент мәліметінше, қар көшкінінің 20-дан астам профилактикалық түсуі жүргізілді, жару әдісімен 50 мың текше метрден астам қар массасы тау етегіне түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017889-almaty-taularynda-qar-koskini-zuru-qaupine-bailanysty-blokbeketter-qoiyldy/