Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Қызыл иплом
Диплом. Фото: polisia.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист әрі депутат Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында еліміздегі бірнеше оқу орны жабылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 жоғарғы оқу орны жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни, біздің тексеруімізде"- деді министр.

Министрдің мәліметінше, жоғары оқу орнының талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.

"Бұл президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз", - дейді Саясат Нұрбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017899-ministr-sayasat-nurbek-biyl-17-zogary-oqu-orny-zabyluy-mumkin/