Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы ҰҚКД бұрынғы басшысы 6 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы соттарының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

"Алматы соттарының" хабарлауынша, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Алматы қаласы бойынша ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 362 бабы, 4-бөлігі бойынша (билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп танылған.

Сот үкімімен ол ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырыла отырып, 6 жыл мерзімге сотталған.

Сондай-ақ сотталушы 10 жылға дейін мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқара алмайды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018155-almaty-qalasy-uqkd-buryngy-bassysy-6-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/