Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде 28 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Жарияланған күні:

Терезенің алдындағы қызғалдақтар
Қызғалдақтар. Көрнекі фото: Рexels.com

Сәрсенбі, 26 сәуір күні Қазақстанның үш қаласында да – Алматы, Астана және Шымкентте жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Болжам "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін күндіз Алматыда 20-22 градусқа дейін ыстық болады, ал түнде мегаполисте сынап бағанасы 5-7 градусқа дейін түседі. Қалада жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 0-ден 5 метрге жетеді.

Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз термометрлер 22-24 градус ыстықты көрсетсе, түнде 5-7 градус жылы болады. Елордада желдің жылдамдығы 7-12 м/с жетуі мүмкін.

Шымкентте күндіз 26-28 градус ыстық болады, түнде ауа температурасы 10-12 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Мегаполисте жауын-шашын болмайды, алайда қатты желге байланысты мұнда дауылдық ескерту жарияланды. Синоптиктер күндіз желдің жылдамдығы 8-12 м/с, екпіні 15-23 м/с дейін жететінін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018260-bugin-qazaqstan-megapolisterinde-28-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilude/