Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автоматтар, гранаталар, мылтықтар: ҰҚК 11 өңірде қару-жарақ тәркіледі (фото)

Жарияланған күні:

Тәркіленген қару-жарақтар
Тәркіленген қару-жарақтар. Скриншот: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде "Қаңтар оқиғасы" кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 қару, оның ішінде 38 "Калашников" автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғысы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар денені қорғауға арналған кеудеше, қорғаныс дулығасы, кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленген. 

Тәркіленген қару-жарақтар
Тәркіленген қару-жарақтар. Скриншот: gov.kz

Жедел-іздестіру қызметкерлері жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін мына өңірлерден тапқан: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3.

Тәркіленген қару-жарақтар
Тәркіленген қару-жарақтар. Скриншот: gov.kz

Еске сала кетейік, сонымен қатар Алматы қаласында заңсыз қару айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілген болатын.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу ісі жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018306-avtomattar-granatalar-myltyqtar-uqk-11-onirde-qaru-zaraq-tarkiledi-foto/