Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана мен Алматыда субұрқақтар қашан іске қосылады

Жарияланған күні:

Субұрқақтар
Субұрқақтар. Фото: gov.kz

Биыл Алматы мен Астанада субұрқақтар маусымы ерте басталады. Елорда мен оңтүстік астана әкімдігі субұрқақтарды 1 мамырда іске қосуға уәде берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазір Астанада субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

"Қазір аудандық әкімдіктер фонтан кешендерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деп жазылған Астана әкімдігінің сайтында.

Сонымен қатар Алматы қаласының әкімдігі де субұрқақтар 1 мамырда іске қосылатынын хабарлады.

"Бүгінде Алматыда 150 субұрқақ орнатылды, оның 64-і коммуналдық меншікте. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында субұрқақтарда шомылуға қатаң тыйым салынады. Ескерту белгілері бар тақталар орнатылуда", – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Қаладағы субұрқақтар 1 мамырдан 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, бұрын субұрқақтар маусымы 25 мамырдан 25 қазанға дейін созылатын еді.

Айта кетейік, ауа райы болжамына сәйкес, мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын аз болады деп күтілуде. Метеорологтар Шығыс Қазақстан, Абай облыстары, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары үшін ауа райы ыстық болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018316-astana-men-almatyda-suburqaqtar-qasan-iske-qosylady/