Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі: министрлік жауап берді

Жарияланған күні:

Соғыс ардагері
Соғыс ардагері. Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қандай көмек көрсетілетіні туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша Ұлы Отан соғысының ардагері тұратынын және биыл оларға әкімдіктер тарапынан қанша теңге материалдық ынталандыру сыйақысы берілетінін мәлімдеді.

"Мен бүгін таңертең 237 адамды қарадым. 9 мамырда барлық облыс бойынша оларға тиісті көлемде материалдық ынталандыру төленеді. Бірдей төленуі керек, бірақ кей жерлерде одан да көп берілуі мүмкін. Материалдық ынталандыру сыйақысыгың мөлшері - әкімдіктердің ұсынысы бойынша кемінде 1,5 миллион теңге", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018345-biyl-uly-otan-sogysynyn-ardagerlerine-qansa-syiaqy-beriledi-ministrlik-zauap-berdi/