Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экология министрлігі қанша саңырауқұлақ пен жидекті тегін теруге болатынын айтты

Жарияланған күні:

Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

2024 жылдан бастап Қазақстанда саңырауқұлақтар мен жидектерді жинауға салық енгізіледі. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қанша саңырауқұлақ жинаған қазақстандықтарға салық салынбайтынын нақтылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеке тұлғалар жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекітілген нормалар шегінде ғана және тек жеке немесе үйде тұтыну мақсатында салықсыз және рұқсат қағазсыз жинай алады.

Жинау нормалары өсімдіктер әлемі, геоботаникалық және ресурстық зерттеулер материалдарының негізінде белгіленеді.

Бір адам бір мезетте дәрілік өсімдіктерді (сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген түрлерден басқа) 10 келіге дейін, жемістер мен жидектерді 20 келіге дейін, саңырауқұлақтарды 25 келіге дейін жинай алады.

Коммерциялық ұйымдардың өкілдері үшін, яғни бизнесі өсімдіктер әлемін, оның ішінде саңырауқұлақтарды пайдаланумен байланысты тұлғаларға бұл қызмет түрі ақылы болады. Жинау көлемі осы ресурстардың табиғи қорларын, таралуын, құндылығын, қайта өсіру мүмкіндігін, өнімділігін ескере отырып белгіленеді.

Төлемақы мөлшерін жергілікті мәслихат бекітеді, ол әкімдіктердің есептеулері негізінде, нарықтық бағалар мен өнімді дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға және өткізуге жұмсалған шығынға қарай белгіленеді.

Өсімдік ресурстарының нарықтық бағасы өнімді жаппай жинау маусымында жинау орнына байланысты бекітіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы алынатыны туралы жазған едік.

Ведомствоның хабарлауынша, егер қазіргі уақытта мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) аумағындағы объектілерге ғана салық салынатын болса, келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген.

Оған қоса "Әділет" АҚЖ сайтының ақпаратына сәйкес, ағашты, шайырды, ағаш шырындарын және қосалқы сүрек ресурстарын дайындағаны үшін, мемлекеттік орман қоры учаскелері аңшылық қажеттіліктерге, ғылыми-зерттеу, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарға арналған жанама орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төленуге тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018358-ekologiya-ministrligi-qansa-sanyrauqulaq-pen-zidek-zinalgan-zagdaida-salyq-tolemeuge-bolatynyn-aitty/