Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіссөз үш сағаттан астам уақыт жүргізілді": әйелі мен 2 жасар қызын кепілдікке алған қарағандылық жігіт ұсталды

Жарияланған күні:

Қолы байланған әйел
Қолы байланған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері бірге тұратын әйелі мен 2 жасар қызын кепілдікке алған жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Медиа-порталдың жазуынша, 26 сәуір күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберіліп, хабарлама расталған.

"Белгілі болғандай, 24 жастағы азамат бірге тұратын 21 жастағы жары мен 2 жасар қызын пышақпен қорқытып, күштеп ұстаған. Алайда ол ешқандай шарт қоймаған. Онымен арадағы келіссөз үш сағаттан астам уақыт жүргізілді. Азамат ешқандай келіссөзге көнбеді. Сондықтан кепілдіктегі адамдардың өміріне қауіп төнгендіктен, полиция қызметкерлеріне шұғыл шешім қабылдауға тура келді", - дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтердің есігін бұзған бетте, "Арлан" арнайы мақсаттағы қызметкерлері бірден ішке кіріп, күдіктіні қолға түсірген.

Алдын ала болжам бойынша азамат есірткілік масаң күйінде болған. Жәбірленуші азаматша мен қызына ешқандай зақым келмеген. Олар дағдарыс орталығына орналастырылған. Қазіргі таңда оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігі 3-пунктіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018401-qaragandylyq-zigit-aieli-men-2-zasar-qyzyn-pysaqpen-qorqytyp-kepilge-algan/