Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік Астанада жылу қашан өшірілетінін хабарлады

Жарияланған күні:

жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Ауа райының қолайлығына байланысты ертең, 27 сәуірден бастап елордада жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, деп хабарлады Астана әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

"Ауа райының қолайлығына байланысты 27 сәуірден бастап жылуды кезең-кезеңімен өшіру туралы шешім қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған ауа райы болжамына сәйкес, 26 сәуір мен 28 сәуір аралығында Астанада ауа температурасы күндіз 22 градустан 27 градусқа дейін көтеріледі, жауын-шашын күтілмейді.

Айта кетейік, Астанада жылыту маусымы ауа райының күрт суытуына байланысты жылдағыдан ерте яғни, 29 қыркүйекте басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018403-akimdik-astanada-zylu-qasan-osiriletinin-xabarlady/