Қостанай облысындағы бұрынғы зауыт аумағында битум өртенді
Жарияланған күні:
Қостанай облысы Федоровка ауылындағы бұрынғы асфальт-бетон зауытының аумағында битум өртенді, деп хабарлайды өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 27 сәуір күні сағат 15:36-да "101" пультіне Федоровка ауылындағы бұрынғы зауыт аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Битум жанып жатқаны атап өтілген. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы 800 ш.м. құраған. Өрт тез арада 2 гектар аумақтағы құрғақ шөпке тараған.
Ведомство өртті сөндіру нәтижесінде пайда болатын тығыз ащы түтінге байланысты оны сөндіру қиындағанын айтқан.
Төтенше жағдайлар департаменті күштерінің, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің күшімен сағат 17:55-те қызыл жалын оқшауланған.
Өрт орнында 20-ға жуық адам мен 10 бірлік техника (су тасушылар, арнайы техника) жұмыс істеуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018574-qostanai-oblysyndagy-buryngy-zauyt-aumagynda-bitum-ortendi/