Алматы облысында жас жұбайлар із-түзсіз жоғалды
Жарияланған күні:
Алматы облысында жас жұбайлар жоғалып кетті. Екі айға жуық уақыт бойы жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстарына полиция мен еріктілер жұмылдырылған деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптының суретімен іздеу жарияланды.
Анықталғандай, туыстары 30 жастағы Нұрмұхамбет Шәкіров пен 24 жастағы Әлима Әлмекті 5 наурыздан бері іздеп жатыр. Екеуі Жамбыл облысындағы үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Алматы полиция департаменті ерлі-зайыптының Алматы қаласында бұрын баспана жалдап келгенін хабарлады. Наурыз айының басында ерлі-зайыптының арасында жанжал туындап, содан кейін 24 жастағы қыз Жамбыл ауылындағы ата-анасының үйіне оралған. Ал 5 наурызда жоғалып кеткен.
"Қыздың туыстары полицияға 27 наурызда ғана жүгінген. Бұған дейін олар қызын өз беттерімен іздеп, күйеу баласының ата-анасына жүгінген, Анықталғандай, ол да туыстарымен байланысын тоқтатқан. Болжам бойынша жоғалған әйел күйеуімен бірге.
Қазір көрші облыстардың барлық полиция бөлімшелеріне қызға қатысты анықтамалар жіберілді. Іздестіру шараларына еріктілер де жұмылдырылды", - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетейік, жігіттің жоғалғанына байланысты полицияға арыз түспеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018789-almaty-oblysynda-zas-zubai-iz-tussiz-zogaldy/