Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан ұшып шыққан ұшақтың экипаж мүшелері борттағы тамақтан уланып қалды

Жарияланған күні:

Ұшақ борты
Ұшақ борты. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдан ұшып шыққан ұшақ экипажының бірнеше мүшесі борттағы тамақтан уланған. Санитарлық дәрігерлер жеткізуші компанияны тексеріп, уланудың мән-жайын анықтады,деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарна мәліметінше, Алматыдан ұшқан әуе кемесі экипажының 4 мүшесі уланып қалған. Оқиға Air Charter Service әуекомпаниясының бортында болған. Бортсеріктер 4 ішкі рейсті орындап, жағдайларының күрт нашарлағанын байқайды. Улануды олар борттағы тамақтанумен байланыстырған.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде борттық тамақтандыру цехында тиісті санитарлық нормалардың сақталмағаны белгілі болды.

"Санитариялық ережелердің талаптарын бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталмауы, сөрелердің болмауы немесе қол жуатын раковиналардың бүтінсіздігі, ақаулары. Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектісіне 1600 АЕК айыппұл салынды. Бүгінгі таңда бортсеріктердің жағдайы жақсы", - деді Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкері Ақмарал Семізбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2019482-almatydan-usyp-syqqan-usaqtyn-ekipaz-museleri-borttagy-tamaqtan-ulanyp-qaldy/