Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн күркіреп, жел күшейеді: жұмада Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 12 мамырда ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман, күндіз батыста бұршақ күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Сонымен қатар Қызылорда облысында және Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз елордада +20...+22 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +9...+11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/c.

Ал Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнайды деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы +27...+29 градусқа дейін көтерілсе, түнде +15...+17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, бірақ найзағай кезінде 13 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жұмада Шымкентте де найзағай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде. Осыған байланысты мегаполисте дауылдық ескерту жарияланып отыр. Алайда ауа райының қолайсыздығына қарамастан ауа температурасы күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріліп, түнде +18...+20 градус аралығында болады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, бірақ найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Найзағай кезінде қалай әрекет ету керек

Пәтерде, үйде, ғимаратта:

  • электр сымдарынан, антенналардан аулақ болыңыз;
  • терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және т.б. электр құрылғыларын өшіріңіз;
  • металлдан жасалған заттарға қол тигізбеңіз;

Көлікте:

  • көліктен шықпаңыз, сондай-ақ терезелерді жауып, радио антеннасын түсіріңіз;
  • көлік жүргізуді тоқтатыңыз, жолдың шетіне тоқтап немесе тұраққа кіріп, биік ағаштардан алыс жерде ауа райының жақсарғанын күтіңіз;
  • биік немесе ашық жерде тұрмаңыз.

Найзағай кезінде велосипед пен мотоцикл жүргізу аса қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан оларды жерге жатқызып, кемінде 30 метр қашықтыққа алыстау қажет.

Далада:

  • Есіңізде болсын: найзағай ойнап жатқан аймақта әбігерге салынып, жүгіруге болмайды,
  • металлдан жасалған барлық бұйымды шешіп тастау керек (алқа, сақина, сырға),
  • электр желілерінен немесе биік ағаштардан алыс тұру керек,
  • металлдан жасалған қоршаулардан, темір құбырлардан, рельстерден және басқа да электр өткізгіштерден де алыс тұру қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020191-kun-kurkirep-zel-kuseiedi-bugin-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/