Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық сараптама орталығы филиалының директоры пара берді деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директоры пара берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, қазіргі таңда Астана қаласы бойынша Антикоррупциялық қызмет "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы" Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол Ұлттық орталық басшылығына Алматы облысына осындай қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берді деп күдіктеліп отыр. Аталған адамның іс-әрекетінің саралануы прокуратурамен келісілген. 2023 жылғы 31 наурызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды", - дейді Антикоррупциялық қызмет өкілдері.

Агенттіктің хабарлауынша, 12 мамырда Астанада күдікті адамның туыстары мен достарының санкцияланған митингісі өткен.

Жиналғандар күдіктің кінәсіз екенін мәлімдеп, объективті тергеуді талап еткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ агенттік Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020273-antikor-qylmystyq-is-boiynsa-kudikke-ilingen-azamattyn-tuystary-men-dostary-miting-otkizdi/